НЕЗАВИСИМОСТЬ — НАША САМАЯ ДОРОГАЯ И ВЫСШАЯ ЦЕННОСТЬ
16.12.2025
https://www.facebook.com/share/r/17X4GRfLiH/?mibextid=wwXIfr
#Кітапханаайдары 📖📚
🇰🇿 ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ, ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ 🇰🇿
✨📚 Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп кітапханасында оқушыларға арналған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара Желтоқсан оқиғасының құрбандарының бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етуден басталды. Оқушылар Желтоқсан құрбандарына арналған Маратбек Рамазановтың жүрекке жетер «Қар мен қан» атты өлеңін тыңдады.
Көрме барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған фильмнен үзінді көрсетіліп, тарихи деректермен таныстырылды.
Мақсаты:
оқушыларға Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің өткені мен болашағын таныту, ата-баба аманатына адал болу, Отанды сүйу және патриоттық рухта тәрбиелеу. 🇰🇿