#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА

21.01.2026

Қаңтар айының құндылығы – Заң және тәртіп

«Әділ заң – аспан тірегі». 

Осы мақсатта, 5-6 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға деген құрметті арттыру бойынша Жібек Жолы кентінің полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция лейтенанты Жусупов Мағжан Баймұратұлы, сондай-ақ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Әбіл Мәдина Қайратқызы кездесіп, оқушыларға құқықтық тәртіптің мәні мен маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында балаларға заңды құрметтеу, өз жауапкершілігін білу және қоғамда дұрыс мінез-құлық қалыптастырудың маңызы айтылды. Оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарына қызығушылық танытты.

Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосады.
*#ЗӘҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА*
*#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА*

Просмотров: 1593


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу