Конституциялық реформалар
09.02.2026
📌 Конституциялық реформалар – мұғалімдер назарында
Мектебімізде педагогикалық ұжыммен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасына байланысты Конституциялық реформалар мазмұнды түрде талқыланды. Жиналыс барысында ұсынылған өзгерістердің мәні, жаңа Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық беруі, білім мен ғылымға ерекше мән берілуі, цифрлық құқықтарды қорғау, бір палаталы Парламент құру бастамасы сияқты маңызды бағыттар кең сөз болды.
Жиын алдағы жалпыұлттық сайлаудың маңыздылығын, өз ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдаумен таныстырды.
Просмотров: 1736